«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Васильевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Васильевка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердепіз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға арналған «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Васильевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі есепті қоғамдық талқылау

29.02.2024

1. Жалпы ережелер

  1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Васильевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Васильевка ауылы, Саққұлақ көшесі, 2.

  2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  Васильевка ауылының негізгі орта мектебінде білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  2023 жылы білім беру ұйыммен 5 қызмет көрсетілді;

  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

  электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6;

  қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.

  Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

  3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

  2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің http://vasilivka-sand-akm.edu.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

 2023 жылы мектеп аудандық "Сандықтау өлкесі" газетінде 1 мақала жариялап, БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 тікелей эфир өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 5 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

  Мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  1.   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. 2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 20:05
Құрылған күні: 29.02.2024 20:05

Текст