«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Васильевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Васильевка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердепіз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Васильевка мектебінің мұғалімдер, педагогикалық еңбектің ардагерлері туралы баяндама

02.10.2017

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

    

     Зейнеткерлік демалыста жүрген, педагогикалық еңбектің ардагерлеріне біздің шексіз ризашылығымыз бен шын алғысымыз арналады...Горяинова Алевтина Митрофановнаға, Егорова Надежда Егоровнаға, Коваленко Тамара Кирилловнаға,  Фёдорова Людмила Алексеевнаға, Шаповаловой Галина Николаевнаға, Шмаль Людмила Викторовнаға, Яценка Галина Ивановнаға. «Есінде ме айнала үн мен теңіздей гүлдер толғаны, сенің қолыңды анаңның жылы алақанынан алғаны» ... Тек қана қол емес, сонымен бірге өз шәкіртінің кішкентай пәк жүрегін де алады. Өмір жолын бастап келе жатқан бүлдіршінге болашағын тандауда, өз елінің азаматы болуына жылы сөздерімен ғылым мен мәдениетке үйретіп, аналық махаббат танытып, өмір бойы мектеп қабырғасында оны жетектеп алып жүреді. Одан соң барлығы қайтадан басталады. Қайтадан барлығы жаңа парақтан басталады. Мұғалім болу – бұл қабілеттілік, бұл тағдыр.

      Өмір бойы өз өмірін балалардың білімі мен тәрбиесіне арнаған: Горяинова  Алевтина Митрофановна, Егорова Надежда Егоровна, Коваленко Тамара Кирилловна, Фёдорова Людмила Алексеевна, Шаповалова Галина Николаевна  Шмаль Людмила Викторовна, Яценко Галина Ивановна – үлкен әріппен жазылған мұғалімдер. Әріптестеріне әрқашан көмекке келуге дайын, табанды, адал, өз ісінің маманы, балаларға деген ерекше махаббаты оларды әрқашан тамаша қасиетімен ерекшелендіреді. Біздің ардагерлер көп жылдық еңбегіне алғыс хаттар мен әртүрлі грамоталармен марапатталған. Олардың қаншама түлектері болған. Педагогикалық өтілі тұтас өмірден ұзақ. Ұстаздың жүрегі оқушылардың мәселелері мен мектептің тынымсыз уайымдарымен өмір сүреді. Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

 

 

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст