Текст
Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла,соңғы қоңырау!
«Васильевка НМ» ММ 2016- 2017 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын 25 мамыр күні сағат 11:00-де басталды. Салтанат залына 2017 жылдың түлектері шақырылып,салтанатты жиын басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы еңгізілді, Гимн орындалды. Мерекенің қадірменді қонақтары жас түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, «Үздік» оқушылырға мақтау қағаздарын табыс етті. Мектеп директоры Шмаль Людмила Викторовна барлық ата-аналарды, ұстаздар қауымын,жас түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі. 2017 жылдың түлектері жүрекжарды ыстық лебіздері және мерекелік ән – шашуларын жиналған қауымға паш етті. Мерекелік іс-шара жоспарға сай жоғары деңгейде өтті.